сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы

2025 жылғы 17 желтоқсанда Астрахан ауданы әкімі Т.А. Ерсейітовтың төрағалығымен Астрахан ауылы әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы Астрахань ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Мадина Молдағалиқызы Баймолдина баяндама жасады.

Екінші мәселе бойынша Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы Астрахань ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Ажикова Тамила Айтмағамбетқызы баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.