Бүгінгі күні Ақмола облысында COVID-19 тіркелген балалар жоқ

Бүгінгі күні Ақмола облысында COVID-19 тіркелген балалар жоқ

Бұл туралы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері брифинг барысында мәлімдеді.

Ауруханада пандемия уақытында балаларға медициналық көмек көрсету үшін техникалық базамен, өкпенің зақымдануын диагностикалауға және қарқынды терапиямен қамтамасыз етуге арналған медициналық жабдықтармен, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтылған мамандандырылған бөлім құрылған.

Жалпы, COVID-19 (ЖРВИ, пневмония, диарея) жоққа шығармайтын белгілері бар балалар және COVID-19 коронавирустық инфекциясының статусы анықталғанға дейін балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.

Аталған ауруханада балаларға жедел және реанимациялық көмек көрсету үшін толық жабдықталған 15 төсек және 2 реанимациялық төсек әзірленген. Сондай-ақ, 57 импульстік оксиметр, 12 дана оттегі концентраторы, реанимациялық бөлімшеде 1 желдеткіш, монитор, инфузиоматтар, портативті рентген аппараты, медициналық мақсаттағы бұйымдар және барлық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Қажет болған жағдайда өкпенің КТ-ін қарауға да мүмкіндік жасалған.

Балада созылмалы патология барысында COVID-19 ауыр ағымы немесе асқынуы бойынша консультациялар жүргізу үшін бас дәрігердің орынбасары бастаған топ құрылған.

Коронавирусқа күдікті немесе расталған балаларға медициналық кеңес, мүмкін болса, қашықтан онлайн режимінде немесе жеке қорғаныс құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, аурухана 8 (7162) 780618 телефоны бойынша балалардың жағдайы туралы ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне ақпарат беру үшін тәулік бойғы «Байланыс орталығы» жұмысын да ұсынып отыр.