
2025 жылғы 26 қарашада Астрахан ауданының әкімі Т. А. Ерсейітов ауылдық округ әкімдерінің, бөлім басшыларының қатысуымен "Әкім күні" кеңесін өткізді.
Күн тәртібіне келесі сұрақтар қойылды:
1. Аудан әкімінің 2024-2025 жылдарға арналған тапсырмаларын орындау туралы.
2. Тұрақты кездесулер барысында халық айтқан проблемалық мәселелердің орындалуы туралы.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету және "е-Өтіш"ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу туралы.
Сондай-ақ, кеңес барысында ағымдағы мәселелер қаралды.
Аудан әкімі Т.А. Ерсейітов қарастырып отырған барлық мәселелер бойынша тапсырмалар берді.