Ауданның тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

Ауданның тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

2020 жылғы 17 қазанда Астрахан ауылының орталық алаңында ауданның тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Аудан тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің азық-түлік өнімдерін сатып ала алды. Барлық сатылатын өнімнің бағасы нарықтық бағадан едәуір төмен болды. Аталған жәрмеңкеде ет және шұжық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, картоп және көкөністер, ауланған балық, жұмыртқа, ұн, бал, кебек, шөп және т.б. ұсынылды.