Азаматтарды қабылдау

Азаматтарды қабылдау

Астрахан ауданы әкімінің азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдауы

2025 жылғы 5 қарашада, азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес, Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қабылдау барысында Астраханка ауылының тұрғыны Рамазанова Г.Г. көше жарығын орнату мәселесін көтерсе, Колутон ауылының тұрғыны Қайыржанов Т.К. үй құстарының өліміне байланысты шығынды өтеу туралы өтініш білдірді.

Барлық көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріліп, қарастыру және қажетті шаралар қабылдау жөнінде міндет жүктелді.