
Астрахан ауданының Мәдениет үйінде Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн – жан жылуын, мейірім мен қамқорлықты қажет ететін жандарға көмек көрсетіп жүрген әлеуметтік сала қызметкерлеріне алғыс білдірудің айқын көрінісі болды.
Салтанатты жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Оспанова Ғалия Егімбайқызы сөз сөйлеп, әлеуметтік қорғау саласының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, олардың жауапты еңбегі мен жанашырлығына алғыс білдірді. Өз істеріне адал қызметкерлерге аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.
Іс-шараға қатысушыларға жарқын шығармашылық нөмірлер дайындаған Первомай медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілері мерекелік көңіл-күй сыйлады.