
Агробизнес және сервис колледжінде заманауи ашық ауадағы спорт алаңының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа кешен құрамында футбол алаңы, жүгіру жолы және турник бар — студенттердің белсенді демалысы мен денсаулығын нығайтуға барлық жағдай жасалған.
Іс-шара Қазақстан Республикасының күні қарсаңында өтті, бұл оқиғаға ерекше мән мен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары – Оспанова Галия Егімбайқызы қатысып, спорттық инфрақұрылымды дамыту мен жастарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Жаңа алаң күш пен жігердің, бірліктің ордасына айналып, әр студентке өз мүмкіндігін көрсетуге және командалық рухты арттыруға мүмкіндік береді!