Таза су — әр үйге: Камышенка ауылында су құбыры ашылды

Таза су — әр үйге: Камышенка ауылында су құбыры ашылды

Астрахан ауданы Первомай ауылдық округінің Камышенка ауылында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл маңызды оқиға ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған негізгі инфрақұрылымдық жобалардың бірін іске асырудың нәтижесі болды.

Жалпы ұзындығы 28,1 шақырым су құбыры желілерін салу жобасы екі жыл ішінде іске асырылды.

Ашылу салтанатына Астрахан ауданының әкімі Талғат Ерсейітов, аудандық мәслихат төрағасы, сондай-ақ жобаның мердігерлік ұйымы болған «Альянс ЛТД» ЖШС директоры қатысты.

Аудан әкімі өз сөзінде халықты таза сумен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті: «Бүгінгі оқиға — ауылда өмір сүру сапасын арттырудың тағы бір қадамы. Біз әр тұрғынның заманауи жағдайларға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін одан әрі жұмыс істейтін боламыз».

Ауыл тұрғындары да ерекше қуаныш білдірді. Ардагерлердің бірі, 70 жастағы Камышенка тұрғыны: «Мен Камышенка аулында 70 жыл тұрамым. Осы уақыт ішінде ауылға су жіберілмеді. Біз оны көрші елді мекеннен алып жүрдік. Ал бүгін - нағыз мереке. Бұл арманды жүзеге асыруға көмектескендердің барлығына рахмет», — деп бөлісті Миерманов Умар.

Су құбырын іске қосу ауылдың 800 тұрғыны үшін сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тұрақты сумен жабдықтау жүйесінің болуы өмір сапасына оң әсер етеді, ауылдың одан әрі дамуына қолайлы жағдай жасайды.