
2025 жылғы 22 қазанда Астрахан ауданының әкімі Талғат Аманбайұлы Ерсейітов бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары өзекті мәселелермен жүгінді. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселелері, жеке куәлік алу, отын сатып алуға көмек көрсету, сондай-ақ жол-көлік оқиғасына қатысты сұрақтар көтерілді.
Қабылдауға Жаңа-Тұрмыс, Астраханка ауылдарының тұрғындары мен Астана қаласының тұрғыны қатысты.
Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты сала мамандарына көтерілген мәселелерді заңнамаға сәйкес қарап, қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.