2025 жылғы 13 қазанда Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық атқарушы органдар мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:
1. Өткен кезеңде Астрахан полиция бөлімінің атқарған жұмыстары туралы
Негізгі мәселе бойынша Астрахан ауданы полиция бөлімі басшысының міндетін атқарушы Манапов Алтынбек Бауыржанұлы баяндама жасады, ол кеңеске қатысушыларды құқықтық тәртіптің жай-күйі, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстарды ашу және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, аудан әкімі Астрахан АЭЖ бастығы-Нұрбаев Қуанышбек Есенбайұлын таныстырды.
Астрахан ауданының прокуроры Марат Тайырбекұлы Сұлтанов Астрахан ауданы прокурорының орынбасары Ануар Бауыржанұлы Шағыровты таныстырды.
Жиын барысында өзекті ағымдағы мәселелер де қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша аудан әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.