Қариялар күніне арналған айлық аясында Астрахан ауданының Мәдениет үйінде еңбек ардагерлері арасында шахмат-дойбы турнирі өтті.
Іс-шараны Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Ардагерлер кеңесі бірлесіп ұйымдастырды.
Турнир жылы әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар өздерінің белсенділігін, логикалық ойлау қабілетін және спорттық қызығушылығын көрсетті. Іс-шара ардагерлердің бір-бірімен қауышып, пайдалы әрі көңілді уақыт өткізуіне жақсы мүмкіндік болды.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.