Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Астрахан аудандық Мәдениет үйінде «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының аудандық слеті өтті.
Іс-шараға белсенді әрі дарынды оқушылар қатысып, өздерінің дайындық деңгейін, шығармашылық қабілеттерін және азаматтық ұстанымдарын жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау нәтижесі бойынша:
1 орын – Новочеркасское ауылдық жалпы білім беретін мектебі. Жеңімпаздар дипломдармен және 60 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды.
2 орын – Астраханка ауылының №1 гимназия мектебі, оқушыларға дипломдар мен 50 000 теңге көлеміндегі сертификат табысталды.
3 орын – Астраханка ауылының №2 жалпы орта мектебі, қатысушылар 40 000 теңгелік сертификатпен және дипломдармен марапатталды.