2025 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында Астрахан ауданының КММ «Тілдерді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен «Тіл мерей – Ел мерей» атты аудандық байқау өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, еліміздегі көптілділікке құрмет көрсету, қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Шара достық, бірлік пен өзара түсіністік рухында өтіп, тілдің – тек қатынас құралы ғана емес, халықтың рухани байлығы мен мақтанышы екенін тағы бір дәлелдеді.