2025 жылғы 12 қыркүйекте Астрахан ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының «ЕЛДЕСУ ЖӘНЕ ТАТУЛАСУ» республикалық жобасы аясында кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – этномәдени бірлестіктермен, жастармен және өңірлік құрылымдармен профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ұлтаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, «Қоғамдық келісім» РММ, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты және өңірлік, жоғары оқу орындары құрылымдары.
Кездесу барысында қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу және түрлі әлеуметтік топтар арасындағы диалогты дамыту мәселелері талқыланды.