Аудан әкімінің Жарсуат ауылына жұмыс сапары

Аудан әкімінің Жарсуат ауылына жұмыс сапары

Астрахан ауданының әкімі Талғат Аманбайұлы Ерсейітов жұмыс сапарымен Жарсуат ауылына барып, су құбыры желілерінің құрылысы барысымен танысты. Жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында іске асырылуда.

Жобаны іске асырушы мердігер ұйым – «АДС-2001» ЖШС. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар атқарылды: су мұнарасы орнатылып, сорғы станциясының ғимараты салынды, су құбыры тартылып, станцияның қоршауы орнатылды.

Сапар барысында аудан әкімі мердігермен кездесіп, өндірістік мәселелерді талқылады және жобаның белгіленген мерзімде сапалы аяқталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Аудан басшысы ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі екенін ерекше атап өтті.