2025 жылғы 8 қыркүйекте Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық атқарушы органдар мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:
1. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің орындалу болжамы және ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы бюджеттің игерілуі туралы.
Баяндамашы – экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шахпутова Жанар Қазкенқызы күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджет қаражатының игерілу барысы жөнінде ақпарат берді.
Сондай-ақ, аудан әкімі 2025 жылғы 2 қыркүйекте Астрахан аудандық Мәдениет үйінің директоры болып тағайындалған Арбашов Бақытжан Даниярұлын жиналғандарға таныстырды.
Жиын барысында өзекті ағымдағы мәселелер де қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша аудан әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.