Астрахан ауданында Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы өткізген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырыс өтті

Астрахан ауданында Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы өткізген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша отырыс өтті

Бүгін Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылдың мамыр–шілде айларында жүргізген аудит нәтижелері бойынша жиын өтті.
Мемлекеттік аудит Астрахан ауданына бөлінген бюджеттік қаражаттың (активтердің) пайдаланылуын, облыс дамуының жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын, жергілікті бюджетке салық түсімдерінің толықтығы мен уақытылы түсуін және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін бағалауға бағытталды.
Жиынға Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Тажин Нұрлан Есіркепұлы, Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы, Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы Қожахмет Мейрам Қосманұлы, мемлекеттік аудит нысандарының басшылары қатысты.
Өткізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі – Кәркенов Асхат Базарбайұлы баяндама жасады.
Тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ақпараттық баяндамамен келесі басшылар сөз сөйледі:
- Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысының орынбасары Мұхамеджанов Нұрлан Алдонғорұлы;
- Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы «Жастар» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің директоры Ашкенов Валихан Құрманұлы;
-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй бөлімінің басшысы Мұхаметжанов Сағынтай Гельманұлы;
- "Комхоз" ШЖҚ МКК директоры Тұржанов Руслан Ерікұлы;
- "Астрахан аудандық мәдениет үйі" МКҚК директоры Арбашов Бақытжан Даниярұлы;
- Астрахан ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ильясов Жанат Байзақұлы;
- Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы.
Кездесу қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және бюджеттік бағдарламалардың орындалу сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.