АҚ БИДАЙ 2025

АҚ БИДАЙ 2025

Астрахан ауданының Физкультура-сауықтыру кешенінде 16 тамыз күні Спорт күніне орай «Ақ бидай» атты жазғы аудандық спартакиада өтті.

Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Талғат Аманбаевич Ерсеитов спортшыларды, көрермендерді және жанкүйерлерді мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Командалардың шеруі өтіп, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен танымал спортшылар марапатталды.

Жарыс бағдарламасына келесі спорт түрлері енді:
- Жеңіл атлетика
- Футбол
- Волейбол
- Қазақ күресі
- Қалалық спорт (городки)
- Армрестлинг
- Шахмат/шашки
- Тоғызқұмалақ

Мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.