2025 жылғы 14 тамызда Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қабылдау барысында Каменка ауылының тұрғыны Байгарин М.К. тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесімен жүгінді.
Астрахан ауылының тұрғындары Андросова О.А., Наурызбаева М.А. тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарымен жүгінді.
Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімі қажетті шараларды қарастыру және қабылдау үшін тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берді.