2025 жылғы 4 тамызда Астрахан ауданының әкімі Т. А. Ерсейітов ауылдық округ әкімдерінің, аудандық атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Күн тәртібіне келесі сұрақ қойылды:
1. Өткен кезеңдегі "Астрахан ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК атқарған жұмысы және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі жұмысы туралы.
Баяндамашы: Қалдыбаев К. А. - "Ветеринариялық станция" ШЖҚ МКК бөлімінің басшысы
Баяндамашы негізгі мәселе бойынша күн тәртібіне сәйкес атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.
2. Астрахан ауданының статистика басқармасының өткен кезеңдегі атқарған жұмыстары, ауыл шаруашылығы санағына дайындық және өткізу туралы.
Баяндамашы: А. Б. Буденов-Астрахан ауданы статистика басқармасының басшысы
Сондай-ақ, кеңес барысында ағымдағы мәселелер қаралды.
Аудан әкімі Т.А. Ерсейітов қарастырып отырған барлық мәселелер бойынша тапсырмалар берді.