2025 жылғы 13 шілдеде Астрахан ауданының ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы алты сайлау округі бойынша өтті.
Сайлау нәтижелері бойынша:
✅ Есіл ауылдық округінің әкімі болып Евгений Александрович Овчинников сайланды, 1980 жылы туған, Зеленое ауылы, Есіл ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясының Астрахан аудандық филиалымен ұсынылған.
✅ Жалтыр ауылдық округінің әкімі болып Амангелді Кеңесұлы Башаров сайланды, 1977 жылы туған, Астрахан ауылдық округінде, Астрахан ауылында тұрады. «AMANAT» партиясының Астрахан аудандық филиалымен ұсынылған.
✅ Николаев ауылдық округінің әкімі болып Елена Леонидовна Лысенко сайланды, 1969 жылы туған, Петровка ауылы, Николаев ауылдық округінде тұрады. «AMANAT» партиясының Астрахан аудандық филиалымен ұсынылған.
✅ Первомай ауылдық округінің әкімі болып Қанат Айтуарұлы Егінбаев сайланды, 1984 жылы туған, Первомайка ауылдық округінде, Первомайка ауылында тұрады. «AMANAT» партиясының Астрахан аудандық филиалымен ұсынылған.
✅ Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі болып Ғинаят Тақанұлы Айтмағамбетов сайланды, 1964 жылы туған, Астрахан ауылдық округінде, Астрахан ауылында тұрады. «AMANAT» партиясының Астрахан аудандық филиалымен ұсынылған.
✅ Каменка ауылының әкімі болып Евгений Витальевич Липковский сайланды, 1980 жылы туған, Каменка ауылында тұрады. «AMANAT» партиясының Астрахан аудандық филиалымен ұсынылған.
Сайланған әкімдерді құттықтаймыз және мақсаттарын табысты жүзеге асыруларына тілектеспіз!