2025 жылғы 14 шілдеде Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Амантайұлының төрағалығымен ауылдық округ әкімдерінің, аудандық атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.
Күн тәртібі аясында келесі мәселелер қаралды:
1. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету.
ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мұхаметжанов С. Г. баяндама жасап, аталған бағыттардағы жұмыстардың барысы туралы хабардар етті.
2. 2025 жылдың І жартыжылдығында аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің халықпен кездесулерінің қорытындысы.
Баяндаманы аудан әкімдігі аппаратының басшысы Орынбай Ә. О. ұсынды.
Сондай-ақ, кеңес барысында аудан аумағындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне қатысты ағымдағы мәселелер қаралды.
Барлық талқыланған мәселелер бойынша аудан әкімі тиісті тапсырмалар берді.