Астрахан ауданының әкімі Талғат Аманбайұлы Ерсейітов жұмыс сапарымен Ақбейіт ауылында болып, «Aina Resources»ЖШС қызметімен танысты. Кәсіпорын басшысы Нұрлан Әсемханұлы бағалы және сирек металдарды өндіруге маманданған компанияның жұмыс бағыттары туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында ағымдағы өндірістік міндеттер, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықпен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Негізгі қызметтен басқа, «Aina Resources» ЖШС халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған бастамаларды іске асыруға қатыса отырып, Ақбейіт ауылының әлеуметтік дамуы мен абаттандырылуына үлес қосатыны ерекше атап өтілді.
Аудан әкімі кәсіпорын басшылығына белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, өңір тұрғындарының мүддесі үшін бизнес пен жергілікті билік арасындағы тұрақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.