2025 жылғы 25 маусым Көкшетау қаласында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен, мемлекеттік қызметшілер арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында «QAZAQ VOICE» облыстық байқауы өтті. Астрахан ауданынан Қайырбаев Азат Тимурұлы қатысып,Алғыс хатпен және сертификатпен марапатталды.