2025 жылғы 25 маусымда бекітілген кесте аясында Астрахан ауданының әкімі Ерсейітов Талғат Аманбайұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында ауданның түрлі елді мекендерінің тұрғындарынан өтініштер келіп түсті. Старый Колутон ауылының тұрғыны В. И. Медецкий тұрғын үйді су басу туралы сұраққа жүгінді. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты мәселелерді Е.М. Оспанов, А. К. Тайтюлева (Астрахан ауылы) және М. К. Байгарин (Каменка ауылы) көтерді. Старый Колутон ауылының тұрғыны В. М. Беззубец жер учаскесін ресімдеу мәселесін қозғады.
Әр өтініш бойынша аудан әкімі тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берді. Барлық мәселелер бақылауға алынып, белгіленген тәртіппен қаралатын болады.