2025 жылғы 18 маусымда Астрахан ауданында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

2025 жылғы 18 маусымда Астрахан ауданында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

Азаматтарды қабылдаудың бекітілген кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 18 маусымында аудан әкімінің орынбасары Оспанова Ғалия Егімбайқызы тұрғындарды жеке қабылдады.
Әкімнің орынбасарына Колутон ауылының тұрғындары – Сартаева Ғ.Ж. және Смағұлова Г.Т. – көктемгі су тасқынынан кейінгі тұрғын үй жағдайларына қатысты сұрақтармен, сондай-ақ, тұрғын үй мәселесі бойынша Нұржанов О. К. жүгінді.
Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары көтерілген мәселелерді қарау және жедел шешу үшін бейінді қызметтерге тиісті тапсырмалар берді.