Астрахан ауданында Экологтар күнін мерекелеу құрметіне «Таза жағалаулар»республикалық эко-марафоны өткізілді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Акция барысында жағалау учаскелері қоқыстан тазартылды, аумақты санитарлық тазарту жүргізілді. Іс-шараның мақсаты-қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Аудандағы экологиялық акциялар табиғатты таза ұстауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал ете отырып, тұрақты негізде өткізіледі.