Ақмола облысының кадр комиссиясыөңірлік кадр резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Ақмола облысының кадр комиссиясыөңірлік кадр резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Ақмола облысының кадр комиссиясыөңірлік кадр резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
  • жоғары білімініңболуы;
  • үш жылдан кем емес еңбек өтілініңболуы.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда)https://onir.pkrezerv.gov.kz/ онлайн-платформасында кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен құпия сөзіарқылы дербес жүзеге асырылады. 

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.Құжаттарaqmola@onir.pkrezerv.gov.kzэлектрондық почтаcы арқылы немесе Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 3 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттарда онлайн-платформадатіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы31 наурыздан кешіктірмей жүктеуі тиіс. 

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді онлайн-платформадан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсынанhttps://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан https://www.instagram.com/elgeqyzmet.aqmola/)және 8 (7162) 51 81 32, 51 81 17 телефондары арқылы алуға болады.