Астрахан ауданындағы "ҚазАгроЭкс" АҚ тұқым зертханасының ақпараты бойынша ауданда 28034 тонна тұқым жиналғаны тіркелді. Шаруа қожалықтары аккредиттелген тұқым зертханасына 17618 тонна немесе тұқым жинау жоспарының 48% түсті. Түскен тұқымның 15380 тонна немесе 83% тексерілді:
- бірінші сыныпқа -5100 тонна немесе түскен тұқымның 29 %;
- екінші сыныпқа – 8960 тонна немесе түскен тұқымның 51 %;
- үшінші сыныпқа - 1320 тонна немесе түскен тұқымның 8 %.
2023 жылғы тұқымның төмен себу сапасы 2023 жылғы қолайсыз ауа-райына байланысты.
Осыған байланысты, 2024 жылы себу үшін жиналған тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын анықтау мақсатында аудандық тұқым зертханасына тұқым үлгілерін толық талдауға тапсыруыңызды сұраймыз.