Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Биыл осы рәміздерге 32 жыл толды.
Қымбатты жерлестер!!!Баршаңызды ел тарихындағы айтулы мерекелердің бірі - Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз еңселі, туымыз тұғырлы, әнұранымыз айбынды болсын дейміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!