2022 жылғы 21 қарашада Аршалы ауданының әкімі М. Балпанның төрағалығымен ТЖ жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2022 жылғы 21 қарашада Аршалы ауданының әкімі М. Балпанның төрағалығымен ТЖ жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2022 жылғы 21 қарашада Аршалы ауданының әкімі М. Балпанның төрағалығымен ТЖ жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс  Ж. Тәшенов атындағы орта мектептің  жылыту қазандығының жарылуы салдарынан қайтыс болған қызметкеріне бір минут үнсіздікпен басталды .

Отырыс Аршалы ауданының білім беру объектілерінде жылыту маусымының өту мәселелерін, Аршалы ауданының 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңіне жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтері мен ұйымдардың дайындығы мәселесін қараумен жалғасты.

Отырыс қорытындысы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ауданның барлық қызметтерінің одан әрі жұмысы яғни округ әкімдері мен Аршалы кентінің қазандықтарын күнделікті бақылау, барлық от жағушыларды қосымша оқыту, аудандық аурухана, мәдениет, білім беру, комхоз қызметтері барлық қазандықтардың жай-күйіне қайта тексеру жүргізу бойынша  алгоритм әзірленді.