2022 жылғы 20 қарашаға Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты Аршалы аудандық «Вперед» және «Аршалы айнасы» газеттерінің редакциялары Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт үшін баспа алаңын ұсынады.
Үгіт материалдарын жариялау үшін Президенттікке тіркелген кандидаттар, саяси партиялар немесе сенім білдірілген адамдар редакцияға жазбаша түрде өтініш береді.
Өтініште үміткердің немесе оның сенім білдірілген адамының тіркеу нөмірін, күнін, уақытын, Т.А.Ә. көрсету қажет. «Вперед» және «Аршалы айнасы» газеттерімен келісім-шарт жасалады.
Өзімен бірге жеке куәлік және кандидат куәлігі болуы қажет.
Материалдар дайын басып шығарылған түрде (әрбір параққа кандидаттың немесе оның сенім білдірген адамының қолы қойылып) және электрондық жеткізгіште ұсынылады.
ҚР Президенттігіне кандидаттардың сайлау алды материалдары 100% алдын-ала төленгеннен кейін, олардың түсу тәртібімен «Вперед» және «Аршалы айнасы» газеттерімен жасалған шарттарда белгіленген күндерге сәйкес жарияланады.
Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды. ҚР Президенттігіне кандидаттар үшін «Вперед» және «Аршалы айнасы» газеттеріндегі газет алаңының бір шаршы сантиметрінің құны 400 теңге.