«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

Тақырыбы: «Заңды тұлғаның кабинеті. Бизнес иелері үшін БЖЗҚ онлайн-сервисі».

БЖЗҚ 2022 жылдың 18 наурызында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – салымшыларға заңды тұлғаның жеке кабинетімен, заңды тұлғалар үшін «БЖЗҚ» АҚ электрондық қызметтерімен, сондай-ақ салымшылар ретінде оларға қолжетімді қызметтер тізбесімен таныстыру жөніндегі ақпаратты ұсыну болып табылады.

Ашық есік күні Қор салымшыларының барлық санаттары үшін, соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес қатысушылары үшін өткізіледі.

Іс-шараны өткізу барысында салымшыларға (алушыларға) заңды тұлғалардың кабинетінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық сервистерін пайдалану алгоритмі көрсетілетін болады.

Сервис салық агенттері болып табылатын жұмыс берушілерге арналған, олардың міндеттеріне қызметкерлердің зейнетақы жарналарын аудару кіреді. Қазіргі уақытта сервис пайдаланушыға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын құруға, редакциялауға және баспаға жіберуге мүмкіндік береді.

Аталған сервистің аясында редакциялау (қызметкерлерді алып тастау және қосу) мүмкіндігімен бірге қорға төлемдері жіберілуі тиіс қызметкерлердің тізімін көруге болады. Бұдан бөлек, сервис төлемдер тарихынан бұрын құрылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді көруге мүмкіндік береді.

Заңды тұлғаның кабинетіне кіру рұқсаты қол қоюға құқығы бар заңды тұлғаның бірінші басшысына немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген Электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде ғана қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген тұлғаға берілген.

Сондай-ақ кездесу барысында жауапты қызметкерлер салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.         

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 18 наурызда сағат 10:00, 12:00, 14:00 онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сағат 10:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e51028ae0f364912d1efb1eb360c10623  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2519 598 0298 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022

Әр қатысушыға сағат 12:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e3513174a01a5a4ad75f30b21f3bef6fe  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2513 347 3601 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022

Әр қатысушыға сағат 14:00 келесі сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e76ffbebb5141d7439ff75f379ee4cc01  Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 2513 119 8597  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 2022.

         

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!