Сайлау-2021 СЕМИНАР ӨТТІ

Сайлау-2021 СЕМИНАР ӨТТІ

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкиннің қатысуымен Аршалы аудандық әкімдігінің мәжіліс залында ағымдағы жылдың 25 шілдесіне тағайындалған Аршалы кенті және бірқатар ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу бойынша оқыту семинары өтті.

Семинарға сайлау ұйымдастырушылары, аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері, БАҚ шақырылды.

Семинарды Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Елена Андрух ашып, жүргізді. Семинарға қатысушылар өздері қойған барлық сұрақтарға толық жауап алды.

Семинар жұмысына аудан әкімі аппаратының басшысы Аслан Әбдікәрімов қатысты.