Барлық мемлекеттiк қызмет бiр нөмiрден қолжетiмдi!

Барлық мемлекеттiк қызмет бiр нөмiрден қолжетiмдi!

Халыққа ыңғайлы болу үшiн 1411 қысқа нөмiрiн жаба отырып, 1414-тiң әлеуметтiк мәселелер бойынша кеңес беру мүмкiндiктерiн кеңейту туралы шешiм қабылданды.

Ендi зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеуметтiк көмектi ресiмдеу, әлеуметтiк қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары мен халықты жұмыспен қамту туралы сұрақтарды 1414 Бiрыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қосымша 5 нөмiрiн басу арқылы алуға болады.

Әлеуметтiк сұрақтар бойынша 1414 халыққа дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн және сенбi күнi сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн (жексенбi-демалыс)көмектесе алады, қоңырау — тегiн.

Ең танымал Мемлекеттiк қызметтердi бiздiң @kenes1414bot телеграмм-бот арқылы да алуға болады.