Ақмолалықтар әлеуметтік төлемдерді өнлайн түрде жиірек рәсімдеуде

Ақмолалықтар әлеуметтік төлемдерді өнлайн түрде жиірек рәсімдеуде

2020 жылда электронды үкімет порталы egov.kz. арқылы Ақмола өңірінің тұрғындарына әлеуметтік салада 7503 қызметтер көрсетілді, бұл 2019 ж. салыстырғанда бес мың қызметке көбірек. Осы көрсеткіштер қызметтерді онлайн түрде алу процессі кең таралып қана қоймай, ол қазіргі таңда аса ыңғайлы екенін көрсетіп отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Ақмола облысы бойынша филиалы келесі мемлекеттік қызметтерді egov.kz порталы арқылы алуға мүмкіншілік бар екенін еске салады:

Мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау Мүгедектігіне бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы Асыраушысынын айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы Жерлеуге арналған бір реттік төлем Мүгедек баланы тәрбиелеуші әкесіне немесе анасына, асырап алушыға, қамқоршыға жәрдемақы Баланың тууы және бала күтімі бойынша жәрдемақы Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасаушыға жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы Арнайы мемлекеттік жәрдемақы «ӘСМҚ» АҚ-нан: жұмысынан айырылу және бала күтіміне байланысты төлем.

 

Осы қызмет әлеуметтік төлемді тағайындауға құқығы және дербес электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар, ғаламтордың барлық пайдаланушыларына қолжетімді. Электрондық үкіметтің порталына өтінім беру тәулік бойы жүзеге асырылады. 2020 ж. Ақмола облысы бойынша «Электрондық үкімет» порталы арқылы әлеуметтік салада 7503 мемлекеттік қызмет көрсетілді, ол көрсетілген мемлекеттік қызметтің жалпы санынан 13 % құрайды. 2019 жылмен салыстырғанда «Электрондық үкімет» порталы арқылы жалпы саны- 2503, немесе көрсетілген мемлекеттік қызметтің жалпы санынан 5 % құрайды. Осылайша, көрсеткіштің 3 есеге ұлғайғаны байқалады.

Электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың артықшылығы өз кезегінде кезектің болмауы және мемлекеттік қызметті кез келген ыңғайлы уақытта, үйден шықпай-ақ ресімдеу мүмкіндігі болып табылады.

 

Сонымен қатар қызмет алу үшін ХҚК орталығына жүгіне аласыз.