Президент Жарлығына сәйкес Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды, оның шеңберінде қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.

Президент Жарлығына сәйкес Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды, оның шеңберінде қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.

Президент Жарлығына сәйкес Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды, оның шеңберінде қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысқа кірісті.

2026 жылдың желтоқсан соңына дейін кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға негіздері жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі 23 мыңға жуық ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады. Олардың 12 мыңнан астамы Қарулы күштердің, 7 мыңы – Ұлттық ұланның, 3 мыңы – ҰҚК Шекара қызметінің, 400-ден астамы – Төтенше жағдайлар министрлігінің және 300-ге жуығы – Мемлекеттік күзет қызметінің қатарын толықтырады.

«Цифрлық шақыру» жүйесі мен «Smart әскери комиссариат» жобасының арқасында шақыру және әскери есепке алу қызметтерінің басым бөлігі проактивті форматта көрсетіледі. Азаматтардың тұрғылықты жері ауысқан кезде әскери есепке тұруы, 17 жастағы бозбалаларды тіркеу, сондай-ақ шақырудан кейінге қалдыру мен босатуды ұсыну автоматтандырылған. Әскери есепке қатысты барлық мәліметтер азаматтарға eGov порталындағы жеке кабинетінде қолжетімді.

Қорғаныс ведомствосы мерзімді әскери қызметтің тартымдылығын арттыру бойынша жұмысты жалдарыстыруда, оның барысында әскери-есептік мамандықпен қатар әскери қызметшілер еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсібін тегін меңгере алады. Олардың саны 20-ға жуық, соның ішінде жүргізуші, байланыс маманы, парамедик, экскаваторшы және басқалары бар.

Бұдан бөлек, сарбаздар үшін қызмет кезеңінде несие төлемдерін кейінге қалдыру және ҰБТ тапсырмай-ақ мемлекеттік білім беру гранты бойынша жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылған.

Осылайша, Қорғаныс министрлігі қызметті ұйымдастыру сапасын арттыруға, цифрлық сервистерді дамытуға және сарбаздардың ата-аналарымен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған жобаларды жүйелі түрде іске асыруда. Бұл ретте қызмет өткеру қауіпсіздігіне, Қарулы күштердің ашықтығына және әскери қызметшілер үшін заманауи әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға ерекше назар аударылады.

Еске сала кетейік, мерзімді әскери қызмет – бұл елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жүйесінің маңызды элементі. Дайындалған әскери қызметшілер мемлекеттің жұмылдыру резервін қалыптастырады, ал қызметтің өзі армияда да, азаматтық өмірде де сұранысқа ие тәртіпті, жауапкершілікті, көшбасшылық қасиеттерді және ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.