«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өткізілді

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өткізілді

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өткізілді

2026 жылғы 11 маусымда Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аумақтың экологиялық жағдайын жақсарту, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға азаматтардың жауапкершілігін арттыру. Акция барысында өзен жағалауы мен қоғамдық аумақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара Мемлекет басшысының еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға, азаматтардың экологиялық санасын дамытуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларын орындау аясында ұйымдастырылды.

Акцияға ауданның жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, еріктілер, белсенді жастар мен аудан тұрғындары қатысып, жалпы саны 200-ден астам адамды құрады.

Іс-шараға қатысушылар алдында Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Бекбаев Абай Болатұлы, Аршалы ауданының еріктісі Сарсекеев Ернұр Сағатұлы, Аршалы аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Оспанова Күлпаш Балтабайқызы және Ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі Ұзақбаева Шырынкүл құттықтау сөз сөйледі. Олар өз сөздерінде экологиялық тәрбиенің маңыздылығын, белсенді азаматтық ұстанымды және туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне әр тұрғынның жеке үлесінің маңызды екенін атап өтті.

Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті екенін, ал әрбір азаматтың экологиялық жауапкершілігі тұрақты дамуды қамтамасыз ету мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Акция ұйымшылдық, өзара қолдау және жоғары қоғамдық белсенділік жағдайында өтті. Іс-шара туралы ақпарат аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде жарияланды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, аудан тұрғындарының кең ауқымын экологиялық және табиғатты қорғау шараларына тарту көзделуде.

#ТазаҚазақстан #ЧистыйКазахстан #TazaQazaqstan #TazaChallenge