Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде

Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде

Ақмола облысы Аршалы ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуге қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ заң қызметінің басшысы Ақылбекова Анара Сағатовнаға 2-11-68 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады. Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 1 мамырға дейін қабылданады.