Тасымалдаушыны конкурстық іріктеу нәтижелері туралы ақпарат
Құрметті Аршалы ауданының тұрғындары!
Аршалы ауданының жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпазды анықтау жөніндегі конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес келесіні хабарлаймыз.
Үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында конкурс өткізу туралы ақпарат аудандық «Вперед» газетінде және GOV.kz ресми порталында алдын ала жарияланды.
Іс-шараға дайындық аясында үміткерлерге мұқият тексеру жүргізілді. 2025 жылғы 10 желтоқсанда құрамына көліктік бақылау, полиция бөлімі және ТҮКШ бөлімінің өкілдері кірген конкурсалды комиссия қатысушы кәсіпорындардың автопарктерін аралады. Мамандар әрбір автобустың техникалық жай-күйін қауіпсіздік нормаларына және тасымалдау қағидаларына сәйкестігін тексерді.
Конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау қорытындысы бойынша «Лебедев» ЖК конкурстың жеңімпазы болып танылды.
Заңнамада белгіленген тәртіппен жеңімпазға рұқсат құжаттары (уақытша куәлік) беріледі және 10 күнтізбелік күн ішінде Аршалы ауданының аумағында тұрақты ауданішілік тасымалдауды ұйымдастыруға тиісті шарттар жасалатын болады.
Тасымалдаушының шарт талаптарын және қабылданған міндеттемелерді орындауын бақылауды өз құзыреті шегінде «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жүзеге асырады.