"Дипломмен - ауылға" бағдарламасы

"Дипломмен - ауылға" бағдарламасы

"Дипломмен - ауылға" бағдарламасы аясында 2025 жылы Аршалы ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала, агроөнеркәсіптік кешен және кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері болып табылатын мамандарға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді.
23 маманға 200 695 000 теңге сомаға кредит берілді. Білім беру саласы бойынша - 17 маман , денсаулық сақтау - 5 маман , мәдениет - 1 маман.
100 маманға 39 320 000 теңге сомаға көтерме жәрдемақы берілді. Олардың ішінде білім беру саласы бойынша - 67 маман, денсаулық сақтау - 23 маман, мәдениет - 3 маман, спорт - 1 маман, агроөнеркәсіптік кешен - 1 маман, 5 - ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшісі.