Көкшетау қаласының Мамандандырылған ХҚО-да теориялық емтихан қабылдау қайта жанданды

Көкшетау қаласының Мамандандырылған ХҚО-да теориялық емтихан қабылдау қайта жанданды

Көкшетау қаласының Мамандандырылған ХҚО-да теориялық емтихан қабылдау қайта жанданды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы Әуезов көшесі, 189А мекенжайында орналасқан мамандандырылған ХҚО-да жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихан тапсыру кабинетінің жұмысы қайта басталғанын хабарлайды.

Жазылу тәртібі туралы маңызды ақпарат:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы директорының м.а. Шоқан Әбділман атап өткендей, қызмет көрсету сапасын арттыру және кезектерді болдырмау мақсатында Мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін алдын ала брондау қажет.

Емтиханға жазылу: Енді негізінен «ЦОН» мобильді қосымшасы (App Store және Google Play дүкендерінде қолжетімді) арқылы жүзеге асырылады. Бұл биометриялық сәйкестендіруден өтуге және емтиханның нақты уақытын бекітуге мүмкіндік береді.

Кезек брондау: Сондай-ақ gov4c.kz ресми ресурсы мен eGov.kz порталында қолжетімді.

Іс-қимыл тәртібі: Сайтта брондау кезінде аймақты (Ақмола облысы), Көкшетау қаласын, қажетті бөлімді және келу мақсатын таңдау керек.

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі — Жұма: 09:00-ден 18:00-ге дейін (үзіліссіз)

Сенбі: 09:00-ден 13:00-ге дейін.

Мекенжайы: Көкшетау қ., Әуезов көшесі, 189А.