Конкурстық хабарландыру

Конкурстық хабарландыру

Конкурстық хабарландыру

  1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Ақмола облысы Аршалы ауданындағы жолаушылар мен багажды тұрақты ауылішілік автомобиль тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс 2025 жылғы 18 желтоқсанда сағат 15:00-де келесі мекенжай бойынша өтеді: Аршалы кенті, Тәшенов көшесі, 47, аудан әкімі аппаратының ғимараты, мәжіліс залы, 2-қабат.

  2. Конкурсқа келесі маршруттар пакеті қойылады: Аршалы - Ақбұлақ – Ижевск, Жібек-Жолы, Белоярка - Аршалы, Константиновка-Аршалы, Шортанды-Аршалы, Красное озеро-Аршалы, Түрген-Аршалы, Байдала-Аршалы, Берсуат-Аршалы, Ақтасты-Аршалы, Ольгинка-Аршалы, Николаевка-Аршалы, Михайловка-Аршалы, Жалтыркөл-Аршалы, №42 разъезд-Аршалы, Бабатай-Аршалы, Анаркөл-Аршалы, Анар-Аршалы, Сарыоба-Аршалы, Сарыоба ст.-Аршалы, Бұлақсай-Аршалы, Қостомар-Аршалы, Елтөк-Аршалы, Бабатай-Аршалы, Арнасай-Аршалы. Конкурсқа қойылған лоттар туралы толығырақ ақпаратты келесі мекенжайдан алуға болады: Аршалы кенті, Тәшенов көшесі, 47, аудандық ТҮКШ, ЖТ және АЖ Бөлімінің кабинеті немесе тел./факс бойынша: 8 (71644) 2-25-85.

  3. Меншік нысанына қарамастан, автокөлік құралдарын меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар конкурсқа қатысуға құқылы. Қатысу үшін тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға жарамды және белгіленген қауіпсіздік және техникалық жағдай талаптарына сәйкес келетін кемінде 10 негізгі және 2 резервтік көлік құралын ұсыну қажет.

  4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер конкурс құжаттамасының жиынтығын алу үшін Бөлімге жазбаша өтінімді келесі мекенжай бойынша тапсыруы тиіс: Аршалы кенті, Тәшенов көшесі, 47, аудандық ТҮКШ, ЖТ және АЖ Бөлімінің кабинеті.

  5. Конкурс құжаттамасын алуға өтінімдерді және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 3 желтоқсан.

  6. 2025 жылғы 18 желтоқсанда сағат 15:00-де аудан әкімі аппаратының ғимаратында конкурс комиссиясы конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурсталды конференция өткізеді.

  7. Анықтама үшін телефон: 8 (71644) 2-25-85 нөміріне хабарласуға болады.