«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығына арналған филиал қызметкерлерімен ашық диалог»

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығына арналған филиал қызметкерлерімен ашық диалог»

«Халыққа қызмет көрсету орталықтарының 20 жылдығына арналған филиал қызметкерлерімен ашық диалог»

      2025 жылғы 6 қарашада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ақмола облысы бойынша филиалында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) 20 жылдығына орай қызметкерлермен ашық диалог өтті.

      Іс-шараға Корпорация Басқармасының мүшесі Қанат Ибраев, филиал директоры, оның орынбасарлары және өңірлік бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.

      Диалог барысында орталықтардың жұмысын жетілдіру және корпоративтік мәдениетті нығайту мәселелері талқыланды. Әсіресе ашықтық, сенім мен қызметкерлердің ұйымды дамыту үдерісіне белсенді қатысуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Жиырма жыл ішінде ХҚКО азаматтарға мемлекеттік қызметтерді ұсыну жүйесінің маңызды бөлігіне айналды. Олар халыққа қолайлылық, ашықтық және қолжетімділік принциптерін қамтамасыз етті. Бүгінде орталықтарда мыңдаған мамандар жұмыс істеп, азаматтарға қызметтерді жедел әрі сапалы алуға көмектесіп келеді.

      Басқарма мүшесі Қанат Ибраев корпорацияның басты міндеті – әрбір қызметкер өз еңбегінің маңыздылығын сезініп, болашағына сеніммен қарауы үшін жағдай жасау екенін атап өтті.

      Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, ХҚКО-ның 20 жылдығына арналған іс-шаралар легіндегі маңызды оқиға болды. Бұл кездесу ұжымның бірлігі мен ортақ құндылықтарға адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.