Аршалы ауданында «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат

Аршалы ауданында «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат

Аршалы ауданында «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат

«Қазпошта» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлескен жоба аясында ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында пошта байланысы бөлімшелері арқылы қызмет көрсетіледі.

«Қазпошта» АҚ – баламалы қызмет көрсету арналары жоқ, шалғай және қолжетімсіз ауылдық елді мекендерде мемлекеттік қызметтерді көрсететін бірегей ұйым болып табылады.

Бүгінгі таңда жоба еліміздің 11 облысындағы 200 ауылдық пошта байланысы бөлімшелерін қамтиды, оның ішінде Ақмола облысы да бар.

Аршалы ауданының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді келесі ауылдық пошта байланысы бөлімшелері (АПББ) арқылы ала алады:

Константиновка ауылы, Орталық көшесі, 47 үй

Түрген ауылы, Жастар көшесі, 19 үй

Михайловка ауылы, Абай көшесі, 26 үй

Бөлімшелердің жұмыс уақыты:

Дүйсенбі – Жұма: 09:00-ден 18:00-ге дейін

Сенбі, жексенбі – демалыс күндері

Мемлекеттік қызметтердің тізбесі мен қосымша ақпарат алу үшін аудан тұрғындары көрсетілген пошта бөлімшелеріне немесе «Қазпошта» АҚ ресми сайтына жүгінуіне болады.

Аудан әкімдігі ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға қосқан үлесі үшін «Қазпошта» АҚ-на алғысын білдіреді және өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдіреді.