"ADAL TAS" ЖШС ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Аршалы ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы №286 «Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес, «Adal tas» ЖШС-нің келесі материалдар бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізу ниеті туралы хабарлайды:
Рұқсат етілген шығарындылар нормативтерінің жобасы;
Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы;
Қалдықтарды басқару бағдарламасы;
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу деректері:
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 28 қараша, сағат 11:00-де.
Өткізілетін орны (Офлайн): Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Ж. Тәшенов көшесі, 22а құрылысы, Аршалы аудандық Мәдениет үйінің ғимараты.
Онлайн қатысу (Zoom) сілтемесі: https://us05web.zoom.us/j/7150968585?pwd=rmxkrjPrOPbIfObWQWzHExmCRmCxOE.1&omn=86211140337
Конференция идентификаторы: 715 096 8585
Қол жеткізу коды: 12aGai
Тыңдауларды өткізу уақыты мен күні Ақмола облысының Табиғи ресурстар басқармасымен келісілген.
Азаматтарды, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін және барлық мүдделі тұлғаларды аталған материалдарды талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.