ХАБАРЛАНДЫРУ Ақмола облысы Аршалы ауданының жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобиль тасымалы бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ Ақмола облысы Аршалы ауданының жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобиль тасымалы бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ақмола облысы Аршалы ауданының жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобиль тасымалы бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы

  1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) 2025 жылғы 10 қарашада сағат 15:00-де Аршалы ауданының жолаушылар мен багажды тұрақты ауданішілік автомобиль тасымалы бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетінін хабарлайды. Конкурс мына мекенжай бойынша өтеді: Аршалы кенті, Ташенов көшесі, 47, аудан әкімі аппаратының ғимараты, мәжіліс залы, 2-қабат.

  2. Конкурсқа келесі бағыттар топтамалары (лоттар) шығарылады: Аршалы - Ақбұлақ – Ижевск, Жібек-Жолы, Белоярка - Аршалы, Константиновка-Аршалы, Шортанды-Аршалы, Красное озеро-Аршалы, Түрген-Аршалы, Байдала-Аршалы, Берсуат-Аршалы, Ақтасты-Аршалы, Ольгинка-Аршалы, Николаевка-Аршалы, Михайловка-Аршалы, Жалтыркөл-Аршалы, №42 Разъезд-Аршалы, Бабатай-Аршалы, Анаркөл-Аршалы, Анар-Аршалы, Сарыоба-Аршалы, Сарыоба ст.-Аршалы, Бұлақсай-Аршалы, Қостомар-Аршалы, Елтөк-Аршалы, Бабатай-Аршалы, Арнасай-Аршалы. Конкурсқа шығарылған лоттар туралы толығырақ ақпаратты мына мекенжайдан: Аршалы кенті, Ташенов көшесі, 47, ТКШ, ЖТ және АЖ Бөлімінің кабинетінен немесе 8 (71644) 2-25-85 тел./факсы арқылы алуға болады.

  3. Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, автокөлік құралдарын меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.

  4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер конкурс құжаттамасының жинағын алу үшін Бөлімге мына мекенжай бойынша жазбаша өтінім берулері қажет: Аршалы кенті, Ташенов көшесі, 47, аудандық ТКШ, ЖТ және АЖ Бөлімінің кабинеті.

  5. Конкурс құжаттамасын алуға өтінімдерді және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 24 қазан.

  6. 2025 жылғы 15 қазанда сағат 15:00-де аудан әкімі аппаратының ғимаратында конкурстық комиссия конкурс өткізу мәселелері бойынша конкурсталды конференция өткізеді.

  7. Анықтамалар алу үшін 8 (71644) 2-25-85 телефонына хабарласу қажет.