«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ақмола облысы бойынша филиалы жаңадан салынған нысандарды құқықтық кадастрда тіркеу қажеттігін еске салады
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ақмола облысы бойынша филиалы өңір тұрғындарына: жаңа тұрғын үйге меншік құқығын тану үшін оны Қазақстан Республикасының құқықтық кадастры жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өткізу қажеттігін еске салады.
Тіркеу - бұл нысанның заңдық тазалығын және меншік иесінің мүліктік құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ететін міндетті рәсім. Тіркеуге мыналар кіреді:
Құқықтық кадастрға деректер енгiзiлмей жылжымайтын мүлiкпен: сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру немесе мұраны ресiмдеу мәмiлелерiн жүзеге асыру мүмкiн емес.
Тіркеу тәртібі:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ақмола облысы бойынша филиалы азаматтарды меншік құқығын бекіту және болашақта заңдық тәуекелдерді болдырмау үшін жаңадан салынған жылжымайтын мүлік нысандарын уақытылы тіркеуге шақырады.