VII шақырылған Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2021 жылғы 10 қаңтарда Аршалы аудандық мәслихаты депутаттарының бiрыңғай сайлау округiнiң аумағы бойынша кезектi сайлауы өттi.

Аудан бойынша сайлаушылар тiзiмiне 18 179 азамат енгiзiлiп, оның 14 717-сi немесе 80,96% сайлау бюллетеньдерiн алды.

Дауыс беруге 14 423 адам қатысты, оның iшiнде есептен шығару куәлiктерi бойынша 15 сайлаушы дауыс бердi, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 231 сайлаушы дауыс бердi.

Сайлауға 4 cаяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшiн дауыс беру кезiнде мынадай дауыс саны берiлдi:

Қазақстан Халық партиясы — 1 006 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,37%;

«Nur Otan» партиясы — 11 184 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 81,93%;

«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы — 1 040 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,62%;

«ADAL» саяси партиясы — 420 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,08%.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жетi және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшiн депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгiлендi:

«Nur Otan» партиясы — 9 мандат;

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы — 1 мандат;

Қазақстан Халық партиясы — 1 мандат.

Аршалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Дата публикации
12 января 2021