Шетелдіктер ақмолалық полицейлерге алғыс білдірді

Шетелдіктер ақмолалық полицейлерге алғыс білдірді

15 ақпанда Жақсы ауданында полиция мен төтенше жағдай қызметшілері, жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жол үстінде істен шыққан автобуста қалған 124 шетел азаматы қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің айтуынша, екі автобус Жақсы ауылының мамында жолда қалған. Бірінің жанармайы аязға шыдамай қатып қалса, екіншісінің стартері істен шыққан. Тәртіп сақшылары жол үстінде қиын жағдайға душар болған азаматтарды жылыту пунктіне жеткізген.

"Нәтижесінде 15 Өзбекстан азаматы мен 109 Тәжікстан азаматы ыстық тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етілді. Автобустардың ақаулары жөнделгеннен кейін олар ары қарай жолға шықты", - деп мәлімдеді Полиция департаментіндегілер.